Қарағанды облысында медицина мамандары біліктілік тест нәтижесін қолдан жасатқан
Қарағанды облысында 37 медицина маманы біліктілік тест нәтижесін қолдан жасатқаны анықталды. Олар мұндай қадамға жалақысын көбейту үшін барған. Облыстың медицина және фармацевтика саласын бақылау департаменті мамандарының мәліметінше, «тест тапсырды» деген құжатты алу үшін дәрігерлер мен медбикелер 200 және 300 мың теңге көлемінде пара берген. Жалпы мұндай құқықбұзушылық әрекетке 39 медицина қызметкері барған. Оның екеуі Ұлытау облысынан.
Ольга Смирнова, облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментнің басшысы:
-Бізді алдамақ болды. Жалған құжаттарды бірден анықтап, жойдық. Енді ол адамдарға айыппұл салынады. Мұндай әрекеттер тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін. Қазір құқыққорғау органдарына тиісті материалдарды жинап жатырмыз.