Қонаевта «Бабалар тілі – музейлер үні» атты фестиваль өтті

  • 40
  • 19.05.2025, 18:44

Халықаралық музейлер күніне орай Қонаев қаласында «Бабалар тілі – музейлер үні» атты фестиваль өтті. Іс-шара аясында театр қойылымы көрсетіліп, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар сахналанды. Облыстағы барлық мұражайдың құнды жәдігері көпшілік назарына ұсынылып, фестиваль концертке ұласты. Сонымен қатар үздік музей қызметкерлері марапатталды. Бүгінде өңірде 17 музей бар. Оның екеуі республикалық маңызға ие.

Гүлнұр Домбай, облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы:

-Жалпы облысымызда музей мәдениеті жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады. Біздің музейіміздің экспозициялық құрылымы өте қызықты, танымды. Өйткені өздеріңіз білетіндей, Алматы облысы мәдени мұраға, тарихқа өте бай. Алтын адаммен үнемі мақтанамыз.