Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы мереке күндері Роза Бағланованың өмірі жайлы тарихи драма ұсынады

«Хабар» арнасы мереке күндері Роза Бағланованың өмірі жайлы тарихи драма ұсынады

Жақында Алматыда аты аңызға айналған әншінің туыстары мен достарының қатысуымен жабық көрсетілім өтті. 2022 жылдың 1 қаңтарында туғанына 100 жыл толады.

«Бұлбұл» телехикаясы – ұлы тұлғаның өмірінен сыр шертетін заманауи байопик канондарына құралған биографиялық картина. Роза Бағланова өмірінің негізгі тұстарын ашатын тарихи бөлімі де бар. Шығармашылықтан тыс өмірі де көрсетілген. Роза Тәжібайқызының іссапарлары мен әншілігінен бөлек белсенді азаматтық ұстанымы да бар болатын. Арал теңізі мен Семей полигоны мәселелері жайлы жиі айтатын.

- Бұл күндер өте ауыр, бірақ өте қызықты өткен еді. Карантинға байланысты түсірілімді кейінге шегеріп жүрдік. Бірақ ештеңеге қарамастан сериалды Ташкентте де, Минскіде де, Алматыда да түсірдік. Декорация, сахналық костюмдер таңдау және безендіру бойынша көп жұмыс жасалды. Тіпті базар аралап, әжелерден сатып алып та жүрдік, – деді бас продюсер Гүлнұр Мамасарипова.

Жоба режиссеры: Санжар Омаров

Оператор: Каршыға Оспанов

Басты рөлдерде: Зарина Жәкенова және Дархан Сүлейменов

Сілтеме: https://khabar.kz/ru/o-filme-bulbul