Алматыда Шәмша Беркімбаеваны еске алу шарасы өтті
Өзі ұзақ жыл басқарған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттер үйіне Шәмша Көпбайқызының есімі берілді. Тоғыз қабатты, 450 орындық ғимарат осы оқу орнына ректор болып тұрғанда салынған еді. Институттың университет мәртебесін алуына көп еңбек сіңірді. Білім және ғылым министрі болған кезде «Ауыл мектебі» бағдарламасы қабылданып, елді мекендерде жаңа білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ ол «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдау қажеттігін алғаш көтергендердің бірі. Шара барысында «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» атты кітап таныстырылды. Еңбекте Шәмша Беркімбаеваның қолжазбалары мен өзі жайында жазылған материалдар жинақталған.
Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы:
- Студенттер үйін салғанда жақсы білем, ертеңгісін жұмысын сол жерден бастап, кешке жақын сол жерде жұмысын аяқтайтын. Салсаңдар жақсылап салыңдар бұл балаларға салынып жатқан дүние деп.
Әсен Беспаева, құрбысы:
- Шәмшаның тазалығы, өмірге деген көзқарасы, ұстаздығы қазіргі лауазымда жүрген кісілерге ол бір эталон деуге болдады.