Қарулы Күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде өткен іс шараға Түркиядан арнайы қонақтар, дипломатиялық корпус өкілдері, Парламент депутаттары, зиялы қауым және студенттер қатысты. Мұнда Түркияның тұңғыш президеті Мұстафа Кемал Ататүріктің гимназиядан үлкен дәрежеге жеткенге дейінгі аралықтағы 40-тан астам фотосы қойылған.