Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл
Оған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өткен әдеби-сазды кешке жиналған қалың көрермен дәлел. Әз-ағаның әңгімесін, махаббат жырын сағынған оқырманы жазушының шығармасын арқау еткен қойылымды тамашалап, үздік, ұтымды ойларына құрылған диалогтарды тыңдады. Кеште Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауын Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбай оқып берді.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
- Біздің өзіміздің бала кезімізде сүйіп оқыған шығармамыз «Махаббат қызық мол жылдар». Шынын айтқанда ол буындар, толқындар ауысса да сол жастардың сүйікті шығармасына айналып келе жатыр. Мұның өзі Әзілхан Нұршайықовтың шын мәніндегі Халық жазушысы екендігін көрсетеді.
Жанат Нұршайықова, жазушының қызы:
- Биыл әкемнің көптеген шығармалары қайта жарық көрді. Баспадан 4 кітабы шықты. Олардың қатарында «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат қызық мол жылдар» кітаптары бар. Соңғы кітап орыс тілінде 1973 жылдан бері жарыққа шықпаған екен. Әкеміздің есімін ел есінен шығармай, еске алып жатқандарына алғыс айтамыз.