Хабар телеарнасы

«Ұлы дала» республикалық байқауы қорытындыланды

«AMANAT» партиясы ұйымдастырған жобаның аясын кеңейтіп, аудандық, облыстық, кейін республикалық деңгейде өткізу ұсынылды. «Поэзия», «Проза», «Балаларға арналған шығарма», «Драматургия» аталымдарының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар биыл тұңғыш рет тағайындалған «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын Елдос Тоқтарбай, «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты Ұларбек Нұрғалымұлы иеленді. Ал «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты Абай Аймағамбетов жеңіп алды.

Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
- Әрбір талаптарымыздың деңгейіне сай келетін шығармаларды 1,2,3-орынға лайық деп таптық. Негізі мына «Ұлы дала» байқауының ең негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларымызды айқындап, солдардың ішінен таланттыларын ынталандыру.