Astana English School директоры мен бас есепшісі ұсталды

  • 47
  • 01.07.2025, 18:30

Олар 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

Қазір Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізуде. Соманың бір бөлігі ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша. Алайда бұл қаражат мекеме шотына түспей ұрланған. Сонымен қатар шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлерге рәсімделген.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 

- Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған. Оның ішінде коттедж, елордада 2 пәтер және автокөлік бар. Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.