Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Ол «Аяла Голд» деген атаумен зергерлік бұйымдар сатумен айналысқан. Күдіктілер азаматтарға ай сайын 50-60% көлемінде кепілдендірілген табыс болады деп инвестиция салуды ұсынған. Оларға 400-ден астам адам алданған. Жәбірленушілер 1 миллиард теңгеден астам қаржылай шығынға батқан. Күдіктілердің мүлкіне сот санкциясымен тыйым салынып, өздері екі ай мерзімге қамауға алынды.