Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінде заңсыз жыныстық бизнес ұйымдастырған 14 адам тұтқындалып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ Полиция, өзін жалған құқық қорғаушы деп таныстырып, ақша бопсалаған азаматты ұстады. Әлеуметтік желілер арқылы бопсалаумен айналысқан әйел де жауапқа тартылды. Ол желі арқылы танысқан ер адамдардан ақша талап еткен. Сұраған қаржысын бермеген жағдайда, зорлады деген жала жауып, арыз жазамын деп қорқытқан.
Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
-Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ ұсталған. Ішкі істер министрлігі Астанада қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті жүйелі түрде қамтамасыз етуді жалғастыруда. Превентивтік негізде қылмыстық көріністерді анықтау және бейтараптандыру жұмыстары жүргізілуде.