Бір жыл бұрын Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына қатысты хабарлама тарады. Қазақстан көлік министрлігі аталмыш оқиғаны тергеп-тексеру барысы туралы жариялады. Сайттағы ресми мәліметте жазылғандай: әуе кемесінің зақымдануы оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтері әсерінен болуы мүмкін. «Алайда олардың әсерін нақты анықтау мүмкін болмады», – деп көрсетілген. Айта кетейік, былтыр 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының әуе кемесі Ақтау қаласының маңына құлаған еді. Ұшақ бортында болған 35 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі қаза болды. Ал 29 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.