Мемлекетке ₸4,5 млрд залал келтіргендер ұсталды

  • 8
  • 26.01.2026, 16:35

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фармацевтика саласындағы ірі заңсыз схеманы әшкереледі. OrdaMed компаниясы медициналық жабдықтарды отандық өнім ретінде көрсетіп, мемлекеттен заңсыз жеңілдіктер алған. Алайда 28 атаудағы медициналық жабдық шетелден дайын күйінде әкелінген. Тінту барысында компания басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді. Бірқатар компаниядағы үлестерге тыйым салынды. Сот шешімімен OrdaMed компаниясының бірнеше лауазымды тұлғасы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.