Алматы көшелерінде электросамокаттарға бақылау күшейді. Жол жиегінде қалай болса солай қалдырылған мыңдаған самокат эвакуацияланып жатыр. Тәртіп сақшылары мұны жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара дейді. Тексеріс барысында самокатты бейберекет жүргізу, ережені елемеу, тіпті кәмелетке толмағандардың басқаруы сияқты заңбұзушылықтар анықталған. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қосымшалардағы аккаунттары бұғатталуда. Тек бір күнде ондаған дерек тіркелген. Енді мұндай бақылау тұрақты жүргізіліп, қала көшелерінде тәртіп күшейе түспек.