Қазір ғана түскен шұғыл ақпарат. Ақтөбеде әкімдік ғимараты отқа оранды. Оқиға орнында өрт сөндіру жалғасуда. Қызыл жалын құрсанған нысан Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан. Адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты жедел штаб құрылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Соңғы дерек бойынша өрт оқшауланды.