Жұрттың қалтасын қағуды көздейтін алаяқтар азаматтардың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін теріс мақсатта пайдалана бастады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар арнайы жүйе ойлап тапқан. Атап айтқанда, ұялы телефондарға мемлекеттік байланыс орталығынан хабарлама жібереді. Онда айыппұл салынғаны және оны тексеріп, төлеу үшін egov ресми порталына ұқсас сілтемеге өту ұсынылады. Ал көлік нөмірін немесе ЖСН енгізіп, сайтқа кірген кезде жалған айыппұл туралы ақпарат шығады. Оны төлеу үшін банк картасының деректері сұралады және оны алаяқтар ақша жымқыру үшін пайдаланады. Алайда Полиция мемлекеттік органдардың SMS арқылы жеке немесе банк деректерін сұрамайтынын ескертеді.