Ақтөбеде шетел азаматтарына жалған құжат жасап берген делдалдар ұсталды. Олар бұл кәсібін жүргізу үшін қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығындағы бірнеше кабинеттті жалға алған. Арнайы операция кезінде күдіктілер қолданған техника, түрлі құжаттар оның ішінде шетелдіктердің паспорттары тәркіленді. Оның бірқатары Өзбекстан азаматарына тиесілі екені бейнежазбада анық көрінеді. Жедел деректерге сәйкес, ұсталғандар шетел азаматтарын тіркеу үшін жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен.
Талғат Берденов, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
-Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.