Карантинде той жасаған қостанайлықтар жауапқа тартылады
Бүкіл ел болып коронавирусқа қарсы күресіп жатқанда қостанайлықтар дүркіретіп той жасап жүр. Рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ той үстінен түсті. Жиналған қауымның қарасы 70 адамнан асқан. Олар емін-еркін бетперде тақпай, ара қашықтық ұстанбай жүрген. Тіпті қарапайым залалсыздандыру құтылары да болмай шықты. Той дереу тоқтатылып, қонақтар үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. Енді Бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзған кәсіпкерге 200 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.
Айдана Жақашева, қалалық ТКҚСҚ Бақылау басқармасының жетекші маманы:
- Мейрамхана қожайынынан түсініктеме алынды. Енді жеке кәсіпкер әкімшілік тұрғыда жауапқа тартылады. Барлығы заң жүзінде болады.