Талдықорғанда газ балоны жарылып, 8 адам жарақаттанды
- Категория: Оқиға

Еркін ықшам ауданындағы жер үйлердің бірінде болған оқиғадан 8 адам жарақат алды.
Олардың үшеуі – бала. Зардап шеккендер қаладағы ауруханаларға жеткізілді. Төртеуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.
Оқиға орнына сегіз жедел жәрдем көлігі мен полицейлер, газ қызметі және өрт сөндірушілер келіп жұмыс істеді. Сала мамандары: «5 литрлік баллонды пештің жанында қолдану жарылысқа себеп болған», – деп болжам жасап отыр.
Қанат Алтынбеков, қалалық ТЖБ бастығы:
– Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Сонымен қатар жарылыс салдарын анықтау үшін арнайы зертханалық лаборатория жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің туысына басқарманың психологтары көмек көрсетті.
Тегтер:
газ балоны,
жарылыс,
бала,
жер үй,
жедел жәрдем,
өрт сөндіруші,
газ қызметі,
Талдықорған,
полиция,
Алматы облысы,