Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 86 адам ұсталды

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 86 адам ұсталды

Төтенше жағдай кезінде тіркелген қарудың өзін тасымалдауға және алып жүруге тыйым салынады.  Сондай-ақ Қазақстандағы тіркеу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен Өзбекстан азаматы блокбекетте құрықталды.

Айта кетейік, қазір тек Қарағанды маңына 8 блокбекет қойылды. Кірген-шыққан көліктің барлығы жіті тексеріледі. Төтенше жағдай режимін бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы, яғни төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 86 құқық бұзушылық анықталды. Қарағанды облысында комендатураның жедел штабы құрылды. Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді.