Су тасқыны: Республикалық маңызы бар 12 жолда қозғалыс шектелді
Бірқатар халықаралық республикалық маңызы бар автожолда су тасқыны болды. Осыған байланысты Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қостанай облыстарындағы 9 учаскені су басты. Жағдайды тұрақтандыру үшін аталған жолдарға 385 адам жұмылдырылып, 297 бірлік техника тартылды. Ал 12 республикалық маңызы бар жолда және 6 облыста қозғалыс шектелді. Атап айтсақ: Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Павлодар, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай шектеу бар. Жабық жол учаскелері жайлы толық ақпаратпен «ҚазАвтоЖол» компаниясының ресми сайтынан таныса аласыздар.