Түркістанда сайлау органдары ынтымақтастығы туралы құжатқа қол қойылды

  • 59
  • 14.05.2025, 18:33

Түркістанда түркі мемлекеттері орталық сайлау органдарының төрағалары бас қосып, консультативтік платформасы туралы Ережеге қол қойды. Бұл құжат ұйымға мүше елдердің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнатып, өзара түсіністікті нығайтуға сеп болмақ. 

Іс-шара аясында «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Онда сайлаудың ашықтығы мен инклюзивтілігі және жаңа технологияларды енгізіп, ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Жаңа тәжірибе, жаңа білім, жаңа тәсіл. Сайлау жүйесін ары қарай дамытуға сайлау кезіндегі қолданатын әртүрлі заманауи технологиялар, себебі қазіргі кезде электрондық дауыс беру туралы көп айтылады. Ол біреумізде бар, біреуіміз енді зерттеп жатырмыз. Сондықтан барлық әріптестерімді құттықтаймын және киелі Түркістан топырағында болып жатқанының да символикалық мәні бар.