Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының Қосшы қаласында көшпелі отырыс өткізді. Президент жолдауында басымдық берілген ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады. Биыл бұл өңір астық жинау көлемі бойынша көшбасшы атанды. Басқа облыстардан айырмашылығы толыққанды агрохабтарды дамытуға тұрақты негіз қалыптасқан. Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтің айтуынша озық технологияларды белсенді қолданатын агрокәсіпорындар тәжірибесін кеңінен тарату маңызды.