Карағандылық жастар Конституция жобасын талқылады

  • 474
  • 16.02.2026, 21:43

Облыс әкімі сарапшылармен және жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Жиында қоғам өкілдерінің қатысуымен әзірленген Ата Заң жобасының негізгі ережелері талқыланды. Басты мақсат - мемлекеттік басқару жүйесін ашық әрі тиімді ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейту. «Бұл саяси мәдениеті қалыптасқан, демократиялы және әрі қарай даму үшін болашақ бағдарымызды айқындауға ұмтылған ел екеніміздің жарқын мысалы»,  – деді жиынға қатысушылар. 

Темірлан Серік, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

-Қазіргі жаңа Конституция жобасын құрастыруға өзіміздің ҚР азаматтары қатысқан болатын. Сондықтан да бүкіл жағдай қамтылған деп есептеймін. Преамбуласынан бастап көптеген 84 пайызға ауысты. Әлем бір орында тұрған жоқ, уақытпен қатар жүру керек. Біз өзге елдерден үйренгенше, заманның алдында жүргеніміз дұрыс. Соның бірден-бір айғағы жаңа Конститутцияның жобасы.