Ақтөбеде заң саласы мамандары Ата Заң тарауларындағы өзгерістерді түсіндірді

  • 226
  • 23.02.2026, 21:39

Ақтөбеде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке қадам» тақырыбында кездесу өтті. Заң саласы мамандары Ата Заң тарауларындағы өзгерістер туралы түсіндірді. Шараға жоғары оқу орнының жас оқытушылары мен студенттер қатысып, білікті мамандардан тұшымды жауап алды. Сарапшылар конституциялық жаңғыру үдерісі қоғамның тұрақты дамуына және ел азаматтарының мемлекеттік институттарға сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Олардың айтуынша, жаңа жобада адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидатының маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген.

Үмбетхан Сәрсенбин, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі:

-Кез келген мемлекеттік, өркениетті елдердің жалпы философиясын қарайтын болсақ ол бірінші - адам. Енді қазіргі әлемдегі жағдайға, қоғамның ішіндегі мәселелер бар заң мен тәртіпке көңіл бөлуі соның ішінде адами капиталға, адамның өмір сүру құқығы бар, еркіндігі бар, халықтың құндылықтары бар, мемлекеттің байлығы бар, осылардың барлығын жалпы заңмен қорғау, соны нақты бекіту ол қажет деп есептеймін.