Ақтау жұртшылығына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

  • 228
  • 23.02.2026, 21:43

Шаһардың орталық спорт кешенінде ұйымдастырылған жиынға 4 мыңдай адам қатысты. «МузАРТ» тобы форум хедлайнері ретінде өнер көрсетіп, көпшілікті алдағы референдумда дауыс беруге шақырды. Сенаторлар жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы роліне ерекше назар аударды. Жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері сөз болды. Аймақтық коалиция өкілдері мен белсенді азаматтар да ауқымды шараға үн қосып, жаңа Конституция қазақ елінің дамуына бағытталғанын атап өтті.

Сүйіндік Алдашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

-1995-ші жылдан бері келе жатқан қолданыстағы Конституциямыз, ол әрине біздің мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіз мемлекет есебінде аяққа тұрып кетуімізге, осы күнге дейін дамуымызға зор әсерін тигізді. Енді, міне әрі қарай біздегі даму жолын, әлеуметтік тарихи-мәдениеттің, рухани, экономикалық даму жолында бізге бағыт-бағдар беретін өте маңызды құжат деп мен сенемін.