Павлодар облысында жұмысшы жастар референдумға қатысатындарын жеткізді

  • 224
  • 23.02.2026, 21:44

Ақсу қаласында жұмысшы жастар бас қосты. Жиында адами капиталды дамыту мәселелері талқыланды. Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов азаматтық қоғамның белсенділігі мемлекет дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Жастар алдағы референдумға қатысатындарын және ел дамуына үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық жүйелерді енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны, бұл бағыттардың жаңа Конституциялық жобада көрініс тапқаны жастардың көңілінен шықты.

Болатбек Кәкім, АФЗ Әлеуметтік жобалар жөніндегі сарапшы:

-Цифрландыру біздің өндірісте күнделікті кездеседі. Біз ақырындап цифрлық өндіріске көшіп жатырмыз. Сондықтан адамдардың цифрлық қауіпсіздігі осы бапта көрсетілген. Жаңа Конституцияда көрсетілген. Бұл маған деген ең маңызды баптардың бірі болып табылады. Он бесінші наурыз күні өзімнің азаматтық борышым деп санаймын, барып референдумға дауыс беру.