Шымкентте жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

  • 237
  • 23.02.2026, 21:48

Халықтық коалиция мүшелері мен Парламент депутаттары дәрігерлермен кездесіп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндірді. Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова адам құқығын қорғау, әлеуметтік әділеттілік және заң үстемдігіне басымдық берілгенін жеткізді. Сонымен қатар цифрландыру заманындағы жеке деректерді қорғау мәселесі де Конституциялық деңгейде бекітілмек. Кездесуде денсаулық сақтау саласы мамандарын толғандырған әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сауалдарға нақты жауап берілді.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Халық та өзінің тарапынан өте белсенді түрде біз қай жерде кездесу өткізсек те, алдын ала жарияланған мәтінмен таныс. Сұрақтары болса түсінік беріп жатырмыз. Ұсыныстары болатын болса, оны да талқылап, қарап жатырмыз. Сондықтан 15 наурызда үлкен жауапкершілікпен қарайды деген сенім бар.