Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату және бітім келісіміне қол жеткізілуін құптайтынын жеткізді. Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Иранның жоғарғы басшылығы, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды деп атап өтті. Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық елдердің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген келісімнің баянды болатынына үміт білдірді.