ЖСДП өкілдері Өскемен халқымен кездесті

  • 7
  • 03.08.2026, 19:52

Өскеменде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері жұртшылықпен кездесті. Қала тұрғындары өнеркәсіптік аймақтағы экологияны жақсарту, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау, жастарды жұмыспен қамту мәселелерін көтерді. Өңірде жұмысшы мамандар жетіспейді. Кадр тапшылығы әсіресе Шығыс Қазақстан облысының Ресей және Қытаймен шекаралас аудандарында өзекті.

Ал Шымкентте Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында зейнетақы жинағын басқару, қарапайым жұмысшылардың жалақысын көтеру және аурухананы жарақтандыру мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ партия өкілдері көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Қуандық Нұржау, ЖСДП филалы төрағасының міндетін атқарушы:

-Үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізу мақсатында аурухана қызметкерлерімен кездесіп, өзіміздің бағдарламамен таныстырып, ол кісілердің көкейінде жүрген сұрақтарын тыңдадық. Басты көтеріп жатқан сұрақтары зейнет жасын төмендету, азық-түлік бағасының көтерілуі көпшілікті осы мәселелер алаңдатады.