Атырау облысында жаңа сайлау учаскелері ашылды

  • 7
  • 13.08.2026, 19:40

Атырау облысындағы Қарабатан және Прорва кен орнында Құрылтай сайлауына дауыс беру үшін жаңа учаскелер ашылды. Онда вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар өз таңдауын жасайды. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір 11 мыңнан астам сайлаушы вахталық әдіспен кен орындарында еңбек етіп жатыр. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен барған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері жаңа сайлау учаскелерін тексерді. Жалпы 23 тамыз күні облыс бойынша 278 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Науқанды түрлі деңгейдегі екі мыңнан аса комиссия қадағалайды. Ал, өңір бойынша Құрылтай сайлауында 428 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.  

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

-Әрбір азаматқа, осы кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшыларға, ҚР азаматтарына, сайлаушыларына ыңғайлы жағдай жасалынып жатыр. Осы жерден 23 тамызда таңғы 7-ден бастап өзіне ыңғайлы уақытында келеді де дауыс береді. Атырау облысы бойынша 2 осындай учаске ашылып жатыр.