Ералы Тоғжанов: Қазақстандық туристер елге қайтарылады
Наурыздың 23-іне 18 авиарейс жасалып, 4 мыңнан астам отандасымыз Қазақстанға әкелінбек. Бұл жайында Үкімет үйінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Айта кету керек, қазақстандықтарды қайтаруға мемлекеттік бюджеттен ақша жұмсалынбайды. Қазір өзге елдерде демалыста 5 мыңнан астам турист жүр. Тағы Ералы Тоғжанов елдегі жағдайға байланысты жұмыс орындарын барынша сақтап қалып, тағы 431 мың жаңа орын ашылатындығы жайында айтты. Ол үшін арнайы жол картасы әзірленген. Оны жүзеге асыруға 300 млрд теңге бөлінді. Бұдан өзге азық-түлік тауарларының бағасы артқан жағдайда қатаң шаралар қолданылатындығын жеткізді. Тағы Үкімет басшысының орынбасары медициналық маскалар жайлы қазіргі жағдайды айтты.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Бұл жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін ескерткім келеді. Бүгінгі күнде Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндерде күніне 1 млн данаға дейін жеткізуді нақты мақсат етіп қойдық.