Елбасы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
«Бұл – Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын белсенді, білімді әрі отансүйгіш партия мүшелерін анықтауға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партия мүшелері арасындағы іріктеуді ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
– Бүгін еліміздің барлық өңірінде праймериз басталды. Оған қатысу үшін жергілікті жерлерде 700-ден астам қоғам белсендісі партия қатарына қосылды.
Сонымен қатар Бауыржан Байбек Nur Otan партиясының Төрағасына сайлауалды бағдарламаны дайындау және «Birgemiz» қорының әлеуметтік аз қамтылған азаматтар мен медициналық ұйымдардың қызметкерлерін қолдауға бағытталған жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ Елбасына су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Достық ауылының тұрғындарына арналған үйлерді салу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берілді.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
– Nur Otan партиясына келетін онлайн-өтініштер саны бес есе артты. Осылайша жеті ай ішінде 270 мың адам өтініш білдірді. Олардың 60% қаралып, шешімін тапты. Өзіңіз бастамашы болған «Birgemiz» қорының аясында 2,3 млн қазақстандыққа қолдау көрсетілді. Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.