Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы көрші елдің пандемия кезінде көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Екі ел медицина, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті. Сондай-ақ тараптар алда өтетін ЕАЭО кездесуі мен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммитіне дайындықты пысықтады.