Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғиззат Нұрдәулетовпен кездесті
Бас прокурордың айтуынша, қазір әкімшілік хаттамалардың 73% электрондық форматта толтырылады. Азаматтардың құқығын қорғау мен қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысына заңсыз араласудың алдын алу шаралары қабылданды.