Мемлекет басшысы Корея Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин Корея Республикасы Президентінің 2019 жылғы сәуірдегі Қазақстанға мемлекеттік сапарынан кейін қол жеткізілген экономикалық ынтымақтастықты жоғары бағалады.
Корея Президенті Алматыда Hyundai жеңіл автокөлік шығаратын зауытының ашылуын ерекше атап өтті. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның салдарына қарамастан, сауданың оң динамикасы байқалғанын айтты.
Әңгіме барысында коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі тиімді ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Корея Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Оңтүстік Кореяға келуге шақырды.