Президент ЕЭК алқасының төрағасымен әңгімелесті
Онлайн-форматта өтетін отырысқа экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары түгел қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен бейнеконференция форматында тілдесіп, сол отырыста қаралатын мәселелер жайында пікірлесті. Айта өту керек, келер 2021 жылы ЕАЭО-ға біздің ел төрағалық етеді.