Азық-түлік бағасын қалай тұрақтандыруға болады?
Олардың айтуынша, қазіргі кезде шикізаттың құны шарықтап тұр. Мысалы, отандық өңдеу кәсіпорындары күнбағысты 50 процент өсіммен сатып алады. Ал зығыр одан да қымбат. Сол себепті ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы қымбат.
Қазір Қазақстандағы көптеген компаниялар ескі технологияны қолданады. Шикізатты терең өңдеуге көбінің құлқы жоқ. «Сондықтан бірінші кезекте ғалымдармен тығыз байланыста болу керек», – дейді партия өкілдері.
Валентин Хаданович, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары:
– Өкінішке орай, университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтіндердің өндірістік тәжірибесі аз. Олар тек ғылыми зерттеумен айналысады. Оған қоса аграрлық ғылымды қаржыландыру жағы да мардымсыз. Сондықтан ғылым мен өндірістің байланысында күрделі мәселелер көп. Бірақ мен бұл жағдайды оңалтуға болады деп ойлаймын.