Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Сәтқалиевті қабылдады
Атап айтқанда, Президенттің осыған дейін берген тапсырмаларын орындау жөнінде баяндады.
Сондай-ақ кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, «жасыл экономиканы» дамыту мақсатында салынатын жаңа нысандар жоспары, қор активтерін жекешелендіру сияқты мәселелер талқыланды.
Президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.