Бизнес өкілдеріне жүргізілген 300-ден астам тексеру заңсыз болып шықты
Бизнес өкілдеріне жүргізілген 300-ден астам тексеру заңсыз болып шықты. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Президентке мемлекеттік органдар тарапынан толтырылған бұл актілердің күші жойылғанын мәлімдеді.
Ол Ақордадаға келіп, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады. Бүгінде қылмыстық процестің үшбуынды моделіне көшудің бірінші кезеңі іске асырылып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырма берді.