Мемлекет басшысы жеделхатта Үндістанда COVID-19 инфекциясының қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқының және жеке өзінің үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.