Қ. Тоқаев БҚО әкімі Ғ. Есқалиевке өңірдегі демографиялық қауіпті азайтуды тапсырды
Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған өңір әкімі Ғали Есқалиев айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, ет экспортында еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға дәл осы өңірдің әлеуеті зор. Дегенмен еттен гөрі елдің қамы маңызды. Сондықтан Президент аймақ басшысына демографиялық қауіпті азайтуды тапсырды.
Сондай-ақ Оралда машина жасау саласының техникалық және кадрлық әлеуетін сақтауды, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвесторларды қолдауды жүктеді. Мемлекет басшысы бюджетті әділ бөлудің, бюджетаралық қатынастардың тиімді тетігін енгізудің маңыздылығын айтты.