Қ. Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасады
Сондай-ақ гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша озық тәжірибемен бөлісу үшін Орталық Азияда өңірлік білім платформасын құру туралы бастама көтерді.
Жалпы виртуалды форматта өткен жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Оны «Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтері бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын басты негізге алған берік құқықтық база қалыптастырдық. Өткен айда адам құқығына қатысты алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы жарлыққа қол қойдым. Оның негізгі бағыттарының бірі – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету. Гендерлік мәселені шешу – өңірлік өлшем бойынша еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі.