Елбасы атына ҚХР, Украина, Корея Республикасының басшылары құттықтау хат жолдады
Ақжарма тілегін жаудырғандар қатарында Қытай Халық Республикасының Төрағасы да бар. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың қос мемлекет арасындағы достықты нығайтуға көңіл бөліп, қолдау көрсететініне сенім білдірді.
Украина Президенті Владимир Зеленский еліміздің халықаралық аренадан лайықты орын алғанын атап, Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қатынастардың берік іргетасы алдағы уақытта да екі елдің мүддесіне сай өзара тиімді әріптестік байланыстарды тереңдетуге қызмет ететініне сенім білдірді.
Корея Республикасының басшысы Мун Чжэ Ин де жылы лебізін білдіріп, Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның зор табысқа қол жеткізуінде шешуші рөл атқарып, көшбасшылық қасиеттерінің арқасында мемлекеттің әрі қарай дамуының берік іргетасын қалағанын ерекше атап айтты.