Мемлекет басшысы облыс әкімдерімен жиын өткізді
Президент мұны өзі бақылап отыратын болды. Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовпен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және санитарлық ахуалды талқылады.
Мемлекет басшысы екпе салу қарқынын арттыру, еңбек дауларын реттеу, жергілікті кәсіпорындардағы жұмысшыларға жағдай жасауды да тапсырды. Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға да телефон арқылы бірқатар тапсырма берді. Вакциналауға қатысты түсіндірме жұмысын күшейту, мұнай-газ саласындағы проблемаларды шешу және аудандардағы зардап шеккен шаруашылық субъектілеріне жем-шөп дайындау өңір үшін өзекті екенін ескертті.