Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға құттықтау жеделхатын жолдады
Осы маңызды датамен Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды және бүкіл тәжік халқын құттықтап, жеделхат жолдады. Өз атынан және мұқым қазақстандықтың атынан жолдаған құттықтау хатында Президент қазақ-тәжік халықтары арасындағы байланысты нығайта түсуге баса мән беретінін айтқан.
«Біз өзара күш жұмылдыра отырып, елдеріміз арасындағы көпжақты ықпалдастықтың қарқынды дамуына тың серпін бере аламыз және қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының көкжиегін кеңейтеміз», - делінген жеделхатта.