Хабар телеарнасы

Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады

Бұл сәлемін ол елдің Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчоктан жолдады. Елімізге жұмыс сапармен келген Иван Корчок бүгін Мемлекет басшының қабылдауында болды. Тараптар  Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жайын сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - Біздің бұл кездесуіміз екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді. Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы тарихи датаға сәйкес келіп отыр. Екі айдан кейін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Келесі жылы Словакия да осындай тарихи межеге жетеді. 2019 жылы біз Братиславада елшілік ашқан болатынбыз. Бұл біздің көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенімізді көрсетеді.

Иван Корчок, Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі:

 - Кездесуге мүмкіндік туғызғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойы құтты болсын. Сіздің Қазақстанды жаңғырту ісіндегі көшбасшылық қабілетіңіз бен халықтың әл-ауқатын арттырудағы және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы еңбегіңізді Словакия басшылығы жоғары бағалайды.