Үкімет жаңа бағдарлама әзірлейді
Премьер-Министр «жаңа құжат ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады», – деді. Әлихан Смайылов бұрын-соңды мұндай дағдарысқа тап болмағандықтан, аянып қалмау керектігін айтты. Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2025 жылға қарай инфляцияны 3-4% дейін төмендетуге мүмкіндік барын атап өтті.
Айта кетейік, шетелге ақша шығаруға бақылау күшейеді. Ұлттық банк тиісті ведомстволармен бірлесіп, трансшекаралық операциялар тізбесін бекіткен. «Қабылданып жатқан шаралар ақшаны шетке шығаруға жол бермейді», – деді Ерболат Досаев. Бұдан бөлек, Алматы мен Алматы облысында қолма-қол ақша беру үшін тиісті шаралар қабылданды. Елде есеп айырысу жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.