Ерлан Қошанов: Бірлік пен сенім – Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі
Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Ол саяси реформаның мәнін халыққа түсіндіруге депутаттар да зор үлес қосқанын атап өтті. Олар аймақтарға сапары кезінде күніне 250-ге жуық кездесу өткізген. «Бізді бұдан да маңызды әрі ауқымды жұмыс күтіп тұр», - деді Мәжіліс төрағасы.
Алдағы уақытта Конституциялық реформаларды іске асыру үшін көптеген заңнамалық актіге өзгеріс енгізу керек.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Бірлік пен сенім – Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі. Халқымызда ертеңге деген сенім бар, ауызбірлік бар, татулық пен тұрақтылық бар. Ендігі кезекте Президентіміздің маңайына топтасып, осы сенім мен ынтымақты еселей түсуге тиіспіз. Сондықтан Мемлекет басшысының сенімін ақтап, саяси өзгерістерді заңнамалық тұрғыда сапалы әрі жедел іске асыруымыз қажет.