Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев дінаралық форумға 50-ден аса елден 100-ден астам делегация келетінін жеткізді. Аталған жиынға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысады деп жоспарланып отыр. Президент Съезд өткізудің маңызы жоғары екеніне тоқталды.