ҚР Президенті сайлауына дайындық басталды
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды. Кандидат қаражатты телеарна, радио мен газетте жариялайтын материалдары мен көлік шығындарын жабуға қолданады. Бірінші шілдедегі жағдай бойынша елімізде дауыс беруге құқығы бар азаматар саны 11 млн 800 мыңнан асады. Нақты тізім алдағы күндері тағы жарияланады. Үміткерлерге қойылатын басты талаптың бірі – қазақ тілін жетік білу. Бұл лингивистикалық комиссияға арнайы емтихан тапсыру арқылы тексеріледі.
Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
- Бірінші лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу. Екінші үш беттен аспайтын мәтінді оқу. Үшінші мәселе көпшілік алдында 15 минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.